Миссиясы, Мақсаты, Тарихы

Қор Миссиясы – мемлекетіміздің тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құрылысының тұрақты дамуына қолдау көрсету.

2025 жылға көрініс тұрғын үй құрылысы саласындағы мемлекеттің әлеуметтік-бағытталған тапсырмаларын шешуді қамтамасыз ететін, халықтың шынайы сеніміне ие компания. 

Тарихы

Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры бұрын қызмет еткен «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ  («ҚИНКБҚ» АҚ) негізінде құрылған.

«ҚИНКБҚ» АҚ өз кезегінде 2003 жылы ҚР қалың бұқара халқының тұрғын үйге қол жетімділігін арттыру жолымен мемлекеттік тұрғын үй саясатын жүзеге асыру мақсатында құрылған.

Ипотекалық несиелерге кепілдік беру жүйесінің әлеуетті қатысушылары – екінші деңгейдегі банктер және әр түрлі қаржылық ұйымдар.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздары «ҚИНКБҚ» АҚ кепілдік беру объектісі болып табылады.

«ҚИНКБҚ» АҚ қызметі азаматтардың тұрғын жайларын жақсартуға септігін тигізді, әсіресе бұл қымбат алдын ала салымды төлеуге мүмкіндігі жоқ, сондай-ақ үлкен емес, бірақ тұрақты табысы бар жас отбасыларын қамтыды. Ипотекалық несиелерге кепілдік берудің құрылған жүйесі Қазсқатан Республикасы банк секторының негізгі ипотекалық нарық қатысушыларының барлығын дерлік біріктірді.

2013 жылдан бастап ипотекалық несиелер бойынша кепілдік міндеттемелерді беру тоқтатылды, және қазіргі уақытта ертеректе берілген кепілдік міндеттемелерге қызмет көрсету бойынша іс-шаралар ғана жүргізіліп жатыр. 

Тұрғын үйге қол жетімділікті арттырудың келесі кезеңі үлестік салымдарға кепілдік беру жолымен үлескерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.

2016 жылдың 26 тамызындағы № 479 ҚР Үкіметі Қаулысымен «ҚИНКБҚ» АҚ Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры болып анықталды.

Пайдалы сілтемелер