Мақалалар және басылымдар, пайдалы сілтемелер

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі қызметінің спекторы ауқымды. Бұл, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі қаржылық институттарының бірі ретіндегі рөліне және қазақстандықтар үшін қолжетімді баспананы қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту және отандық экспорттаушыларға қолдау көрсету сияқты бірқатар стратегиялық бағыттарды іске асырумен байланысты.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның негізгі миссиясы – Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу. Холдингтің мақсаттарына қол жеткізу құралы 11 портфельдік компания болып табылады, олардың ең ірісі – Қазақстанның Даму Банкі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік.

Холдинг алдында тұрған басым міндеттердің қатарында ірі, сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындарды қолдауды атап өтуге болады. 2017 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ тетіктері арқылы холдинг шикізаттық емес секторлардағы ірі бизнес кәсіпорындарын 422 млрд теңгеге қаржыландырды. Өз кезегінде, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген кредиттердің көлемі 548 млрд теңгені құрады.

Экспорттық әлеуетті жүзеге асыруға ықпал ету шеңберінде Қазақстанның Даму Банкі мен KazakhExport арқылы холдингтің қолдау шараларына ие болған кәсіпорындардың тауарларын экспорттаудың жалпы көлемі 2017 жылы 791 млрд теңгені құрады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша холдинг кредиттік тұрғын үй құрылысына қатысады, құрылыс салушыларға жеңілдікті ипотекалық заемдар мен субсидиялар береді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша банк ипотекалық несие нарығында көшбасшы атанды, бұл елдегі барлық ипотекалық кредиттердің 76%-ын құрады.

Трансферт және инновацияларды енгізу саласында Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік арқылы қолдау алған кәсіпорындар шығаратын инновациялық өнім көлемі өткен жылы шамамен 48 млрд теңгені құрады.

Холдинг қызметінің негізгі бағыттары мен портфельдік ұйымдарының мамандануы туралы инфографикамызда анық көрсетілген.

Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры «Бәйтерек» Холдингімен бірге Корея Республикасының Тұрғын үй құрылысы корпорациясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Сеул, 10 қараша. Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының бастамасы бойынша «Бәйтерек» Холдингі, Кепілдік беру қоры және Тұрғын үй құрылысы корпорациясы (Корея Республикасы) арасында үш жақты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға Қазақстан тарапынан «Бәйтерек» Холдингінің Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев, Кепілдік беру қорының Басқарма Төрағасы Дәурен Оңаев, Корея Республикасы тарапынан - Тұрғын үй құрылысы корпорациясының (Korea Housing and Urban Guarantee Corporation) Басқарма Төрағасы Ким Сан Док қол қойды.

Меморандум тұрғын үй құрылысы саласында Оңтүстік Кореяның тәжірибесі мен білімін пайдалануды көздейді. Осылайша, тәжірибе алмасу және кепілдік берудің жаңа өнімдерін енгізу мүмкіндігі мақсатында өзара тағылымдамалар көзделуде.

Жасалған Меморандумнан күтілетін нәтиже екі мемлекеттің тұрғын үй құрылысына кепілдік беру саласындағы белсенді қарым-қатынасы болып табылады.

Корея Республикасының Тұрғын үй құрылысы корпорациясы өз қызметін 1994 жылдан бастап жүргізуде және Қазақстанда үлестік салымдарға кепілдік беру механизмін ендіруде Корея Республикасының тәжірибесі негізге алынғаны мәлім.

Пайдалы сілтемелер